Оқу жылы аяқталып келеді. Барлық мұғалімдер мен балалар жақсы жұмыс істеді және шаршады. Сондықтан да соңғы орыс тілі сабағында біз демалып,ойнағанды жөн көрдік. 5 «Г» сыныбында өткен білгірлер сайысы өте қызықты өтті. 4 құрама: «Лексика», «Қырандар», «Альфавит», «Бүркіттер» Лингвистика еліне саяхат жасады. «Фонетика», «Сөзжасам», «Лексика», «Фразеология», «Орфография», «Морфология» аялдамаларында , «Синтаксис», «Пунктуация» құрамаларға жұмбақтар, кроссвордтар, сызбаларды шешу керек болды.Барлық қатысушылар барлық сынақтан дұрыс өтіп, соңғы аялдамаға үлкен білім қоржынымен келді. Сайыста «Алфавит» құрамасы жеңіске жетсе , екінші орынды «Лексика» және «Бүркіттер» құрамасы иеленді,үшінші орында – «Қырандар» құрамасы. Барлық балаларға шексіз Лингвистика еліне саяхатты табысты жалғастыру үшін жазда жақсы демалуды және 6 сыныпқа денсаулығы мықты,көңілді болып келулеріне тілектеспіз.
5 «Г» сыныбындағы білгірлер сайысы