Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Мемлекеттік нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бағыттардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, мемлекеттік нышандар туралы терең білімі болуға міндетті.
Осы мерекеге орай №24 ЖО мектебінде профильдік лагерьде «Шарықта, бостандық қыраны» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. «Білгірлер» атты олимпиадалық резерв мектебінің ұйымдастыруымен аталған іс-шары жоғары деңгейде өтті.
Белсенді қатысқан топтарға: «English Star» Қазақстан туралы өлеңдер айтқаны үшін, «Жұлдыздар» тобын би өнерін тамашалаған үшін, «Спортландия» тобы рәміздер туралы мағлұмат түсініктеме бергені үшін, «Книголюб» тобы «ҚР рәміздерін білесің бе?» атты викторинаны дайындағаны үшін, «Юный эколог» сұрақтарға дұрыс жауап бергені үшін, , «Фантазия» тобы рәміздерге байланысты кроссворд дайындаған үшін, «Жас дауыс», «Жұлдызды интеграл» топтары тамаша әндер орындаған үшін алғысымызды білдіреміз.
Әрқашанда Қазақстанымыз Туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі гимнімен айбатты болсын!!! Мерекеміз құтты болсын!!! ( "Білгірлер" тобының жетекшісі Смағұлова К.С.)