20 қыркүйек күні №24 орта мектебінде 7-ші сыныптар арасында «Тілдер күніне» арналған «Ана тілі-дана тілі» атты іс-шара салтанатты өткізілді.
Іс- шараның мақсаты:Оқушылардың тілін дамыту, сөз қорын байыту, өз тілін құрметеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Қатысқан оқушылар өздерінің тілге байланысты білімдерін көрсетіп, әртүрлі сайыстарда белсенді қатысып отырды.
Әсіресе, викторинаның сұрақтарына жауап бергенде ерекше білімдерін көрсеткендер:Талпэ В., Чувайлов М.,Моргунова М.,Сальников В., Тастемиров М., Игнатьева М..
Осы іс-шараға жауапты ұстаздар КерейбаеваҚ.Қ., Шакиримова Н.Қ.
сөз алып, оқушыларға алғыстарын білдірді.
Тіл дегенім – түсіністік құралы,
Тіл арқылы адам бәрін ұғады,
Татулық та, бірлік, достық, береке
Бәрі бәрі осы ұғымда сияқты
Тіл – ынтымақтастық белгісі. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастағы мен береке бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз.