Отбасы және мектеп бірге
Қыркүйек айының 19-24 аралығында барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысында ОТҮ ұйымдастыру, мектеп жарғысының ережесі, тамақтандыру сұрақтары және оқушыларды сауықтыру мәселелері қарастырылды. Сынып ұжымдары ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлады. Жиналыстар диалог тәртібінде өтті және ата-аналар қауымының қатысу сапасы биік болды.