Мектептегі сайлау кампаниясы
Келешектегі еліміздің толық құқылы азаматтары, мектеп оқушыларының элективті сауаттылығын арттыру, мектепте өткен сайлау кампаниясының басты мақсаты болды. Мектептегі сайлау кампаниясы 5-11 сыныптар өкілдері қатысуымен өткен конференциямен аяқталды. Конференцияға мектеп президентіне үміткерлер мен олардың кеңесшілері қатысты. Үміткерлер сайлау алды бағдарламаларын дайындап, 2 жұма бойы талқылады. Үміткелер өз бағдарламаларында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы мәселесін, мектеп өмірін қызықты ету, түрлендіру жолдарын қарастырған. Олар оқушылардың өзін-өзі басқаруын мектеп парламенті ретінде құрады. Конференция дауыс беру өтті. Мектептің сайлау комитеті сайлау нәтижесін қорытындылайды.