"Балалар құқығын қорғау" викторинасы
Оқушыларды балалардың құқықтары туралы Конвенциямен таныстыру, белсенді өмірлік көзқарасын қалыптастыру, өзге адамдар құқығын құрметтеуге баулу мақсатында, 14 қараша күні бастауыш сынып оқушылары арасында "Балалар құқығын қорғау" тақырыбына викторина өткізілді. Оқушылар ұстаздарымен бірлесе отырып, балалардың құқықтары және міндеттері туралы талқылады. Барлық балаларға "Менің құқықтарым және міндеттерім" тақырыбына жадынама таратылды.