«Елбасы – елімен бірге» тұңғыш кәсіподақ форумы
25 қараша күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Елбасы – елімен бірге» атты алғашқы кәсіподақ форумы өтті. Форумның басты мақсаты ұжымның Елбасының "Қазақстан-2050 " стратегиясында қойған міндеттерге жету жолында өз үлестерін қосуға дайындықтарын және әлеуметтік оптимизмін бекіту болды. Форум соңында Нұр Отан алғыс хаттары, Павлодар облысының білім және ғылым кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталары табысталды. Патриоттық құндылықтарды насихаттауға арналған форум барысында, ұжымның Елбасының саясатын қолдауы байқалды.