" Білім берудің өзгеруінің маңыздылығы" тақырыбында семинар өтті.
№ 24 ЖОМ-да 12 желтоқсан күні педагогикалық кеңеске дайындық шеңберінде " Білім берудің өзгеруінің маңыздылығы" тақырыбында семинар өтті. Мұғалімдер халықаралық 3 деңгейлі Бағдарлама бойынша сертификатталған әріптестері-У.С, Бухарбекова, Ж.С.Орынбаева, Д.У. Оразова, Н.К.Тумабаева, С.А. Имперова, Б.А. Садыкова, Ж.Ш. Хамитова, Т.В. Дмитриева жетекшілігімен жұмыс істеді. Рефлексия кезеңінде семинардың әрбір қатысушы семинардың пайдалылығын және қанағаттануларының % шығарды. Бұл көрсеткіштер жоғары болғанын атап кету керек.
Семинарға мектеп кітапханашылары Г.К.Машгутова, Б.Идрисова, мектеп психологы М.Г.Лемешинская белсенді қатысты.