24 ақпанда бастауыш сынып мұғалімдері Шәкенова М.М., Айтуар Л.М., 4 в сыныбында қазақ тілі апталығына арналған мақал-мәтелдер сайысын өткізді. Сайыс ҚР әнұранынан басталды.
Ұстаздар алғашқы сөздерінде сайыстың мақсатына тоқталды, шартымен таныстырды, оқушыларға :Мақал-мәтел дегеніміз не ? Ол қазақ әдебиетінің қандай түріне жатады? деген сұрақ қойды.
Сынып екі топқа бөлінді «Тұлпар» және «Білім». Төмендегідей тапсырмаларды ұсынды: 1.Отан, еңбек, білім туралы мақал-мәтелдер айту, түсінгендерін өз сөзімен жеткізу; 2. Бір-біріне жұмбақ айту, шешуін табу; 3.Сөзжұмбақты шешу (Рабкова Ира өздігінен осы сөзжұмбақты құрастырды). Өз тарапынан сұрақ қойып, шешімдерін тауып сөзжұмбақты шешу; 4.Сайыстың аяғында «Қияр мен орамжапырақ» деген ертегіні қойды.
Ең соңында Майя Махметовна : «Осы мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер қазақ әдебиетінің қандай түріне жатады?» -деген сұрақ қойды.
Оқушылар дұрыс жауап берді, бәрі белсенді қатысты. Сайыстың тәрбиелік мәні зор болды, мұғалім оқушыларды достыққа шақырды, еңбекке баулыды.