«Әкем,анам және мен- спорттық отбасы» көңілді жарыстар өтті
Тәуелсіздік Күні қарсаңында № 24 ЖОМ шағын орталығында «Әкем,анам және мен- спорттық отбасы» атты көңілді жарыстар өтті. Қатысушыларға үй тапсырмасы ретінде команданың аты мен ұранын дайындау болатын. Балалар да, ата-аналар да жауапкершілікпен қарап, тапсырмаларды олимпиадалық нақтылықпен орындады. Жарыс өте көңілді өтті. Әрбір отбасы мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.