математика мұғалімдерінің семинар практикумы
Павлодар облысының «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбына курстық дайындықтан өткен математика мұғалімдері арасында 24 желтоқсан 2014 жылы Павлодар қаласы № 24 ЖОМ ММ семинар-практикум өтті.
PISA халықаралық зерттеу стандартына сәйкес 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын зерттеу есептері құрастырылды. 2015 жылы өтетін PISA зерттеуіне біздің облысымыздың оқушыларын практикалық дайындау үшін құрастырылып талқыланды.
Алдағы уақытта шығармашылық топтар өздерінің сабақтарында құрастырылған тапсырмаларға апробация жүргізеді және шебер сыныптар көрсетеді.