Мектеп олимпиадасы
Жұмыс жоспарына сәйкес мектеп директорының бұйрығымен № 1-03/594/1 2015 жылдың 19 қазанында мектепішілік олимпиада 2-4, 5 - 11 сыныптарда 02.11.15 қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша, 3.11.15 жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша өткізілді. Олимпиада ұйымдасқан түрде өтті, барлық сыныптарға жетекшілік ететін ДОТЖО меңгерушілері салтанатты түрде сап түзеден бастады, кезекшілік ұйымдастырылды, бұйрықтың барлық пункттері қадағаланып орындалды. Олимпиаданың мақсаты:балалардың жоғары ақыл-ой қабілеттері мен ынтасы білдіретін бейімділігі мен үйренуге үлкен қызығушылығын анықтау, қолдау, және дамыту. Барлығы 668 оқушы орыс мектебінде және 543-қазақ мектебінінен оқушылар қатысты. Қатысұан барлық оқушылар саны 1211 оқушы. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 2015 жылдың 2желтоқсанында өткізілді.