2 наурыз күні №24 ЖОМ ММ «Ертегілер әлемінде» шарасы өткізілді. Оған 2-ші сынып оқушылары қатысты.
Аталмыш шараның мақсаты:
- әділдік, мейірім, ыза, достық ұғымдарымен таныстыру;
- ортақ істі орындаудағы жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру;
- бастамалыққа тәрбиелеу.
Осы шарада балалар ертегілерді, ертегілердің кейіпкерлерін шешті, сондай-ақ «Рукавичка» және «Волк и семеро козлят» ертегісінің қойылымына қатысты. Балалар ертегілер бойынша музыкалық сұрақтар дайындады. Дұрыс жауаптан кейін белгілі мультфильмнен өлең орындалды. Шараның қатысушылары ертегілік костюмдерде болды. Осы костюмдер арқылы шараның қонақтары қай ертегінің кейіпкері екенін тауып айтты.
Шараның соңында қыздар «Если мы будем дружить» өлеңін айтты. Шараға оқушылардың ата-аналары, мектептің әкімшілігі қатысты.
«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНДЕ»