«МИСС ВЕСНА -2017»

Бүгін «№24 ЖОМ» ММ «Мисс Весна -2017» конкурсы өтті. Безендірілген зал, әдемі қыздар, көңілді күй – бәрі мерекені күтіп тұрды! Конкурсқа 5-7 және 8-10 сыныптар қатысты. Қатысушы қыздар қызықты да қиын конкурстардан өтіп, нәтижесінде 5-7 сыныптардың арасында 7 «В» сынып оқушысы Анна Кукса, 8-10 сыныптардың арасында 8 «Г» сынып оқушысы Алина Тычинская жеңімпаздың тәжіне ие болды. Барлық қатысушылар әртүрлі номинациялардың иегерлері атанды.