«Қауіпсіздігің өз қолыңда»
Қыркүйектің 9 жұлдызында мектебімізде денсаулық күніне арналған іс-шара болып өтті. Аталмыш шараға бастауыш сыныптар өте белсенді қатысты. Денсаулық күніне орай, әр сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, сынып сағатында «Қауіпсіздігің өз қолыңда» деген тақырыпта қауіпсіздікке байланысты әңгіме-сұхбат жүргізілді. Шараның соңында оқушылар таза ауаға шығып, мектеп алаңында сурет салып, қызықты да көңілді өткізді.