Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҰСТАЗ КӨПТЕГЕН КӘСІПТЕРДІҢ ІШІНДЕ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ
30-09-2017 03:29
ҰСТАЗ КӨПТЕГЕН КӘСІПТЕРДІҢ ІШІНДЕ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ

Көптеген кәсіптердің ішінде ұстаз мамандығы ең маңыздысы және ерекше. Болашақта қандай мамандықты таңдаса да, әрбір адам осы кәсіппен тығыз байланысты. Мұғалім кез келген адамға өмірде өз жолын табуға септігін тигізеді. Біз ешқашан өз ұстаздарымызды ұмытпаймыз, сондықтан 30 қыркүйек күні барлық жылы сөздер, әсем әндер тек ұстаздарды арналды. Мұғалімдерге ризашылық білдіру апталығы аясында «Өз мұғаліміңді құттықта» атты ісшаралар ұйымдастырылды, суреттер, портреттер, коллаждар көрмесі өткізілді.
№24 ЖОМ ММ акт залында Мұғалімдер күніне орай мерекелік концерт өтті, онда барлық мұғалімдер және педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Шығармашылық топтың балалары тәлімгермен, сынып жетекшілерімен бірге залды әсем безендірді, өлеңдер айтты, видеопрезентацияларын көрсетті, музыка мұғалімі М.П. Соловьевамен бірге мұғалімдер және мектеп туралы ән шырқады. Мерекенің жүргізушілері мен қызықты сценарийдің арқасында кеш өте көңілді өтті. Тақырыптық ісшара «Бүкіл жанымен...» музыкалық бағдарламасымен жалғасты. Мерекенің соңында қатысушыларды мектеп әкімшілігі сыйлықтармен марапаттады.