2017 жылғы 21 қазан күні Қамқоршы күні республикалық мерекесі аясында №24 ЖОМ ММ-де «Ақ жүрек» атты ісшара ұйымдастырылды. Мерекелік безендірілген сахнада салтанатты ісшараны мектеп директоры Н.Ш. Рахимгожина ашты. Ол келген қамқоршыларды олардың мейірімділігі, жылы сезімі, қамқорлықтары үшін алғыс айтып құттықтады. Нургуль Шампатовна әр қамқоршы өзінің міндеттерін дұрыс атқарып жүр дей келе, оларды алғыс хатпен марапаттады. Қонақтарға «Балаңыздың мектептегі өмірі» тақырыпта презентация ұсынылып, онда 11 жетім баланың, 1 ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мектептегі күндері көрсетілді. Балалардың суреттері көрсетілген сюжеттерге қамқоршылар ризалықпен қарап, мәз болды. Сонымен қатар, қонақтарға мектептің шығармашылық тобымен дайындалған мерекелік концерт көрсетілді. Балалардың дарынды қабілеттері қонақтарға өте ұнап, көңілдері босап қалды. Барлық қамқоршылардың атынан қамқоршы ата Муслимов Берикбай Канашевич шықты. Ол мектеп директоры мен ұжымына шексіз алғысын білдірді. Сонымен қатар, ол мектеп балалардың интеллектуалдық, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Концерттен кейін қонақтарды жайылған дастарханға шақырды. Осындай жылы жағдайда балалардың оқу жетістіктері, қамқоршы мен баланың өзара қарым-қатынасы туралы сөз қозғады. Қамқоршылар сауалнама толтырды, бұл алдағы уақытта бала мен ересектердің арасындағы кездесетін қиындықтарды шешуге көмегін тигізеді. Мектеп психологы кез келген уақытта қамқоршы мектепте келіп, баламен пайда болған қиын жағдайлар туралы хабарлауға болатыны жайлы айтты. Қамқоршылар тағы да мектеп директоры Н.Ш. Рахимгожинаға және бұрынғы әлеуметтік педагог Ф.Ч. Меньщиковаға, аталмыш шараны ұйымдастырушыларына шексіз алғыстарын білдіріп, үлкен рахметтерін айтты.
Орынд. әлеуметтік педагог Тунгушева З.М.
ҚАМҚОРШЫ КҮНІ