17 қараша күні мектептің кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі П.Васильевтің туған күніне арнап «Подымайся, песня, над судьбой!» тақырыбында өлеңді мәнерлеп оқушылар конкурсын өткізді.
Аталмыш шараның мақсаты - оқушыларды ақынның шығармаларымен таныстыру, олардың бойларында эстетикалық танымды қалыптастыру, патриотизмге, Отанды сүюге тәрбиелеу.
Конкурсқа 7-11 сыныптарынан 20 оқушы қатысты. Қазылар алқасы ретінде ДОТЖО Лемешинская М.Г., орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Амиленова Д.А, Шарипова Д.Р., Идрисова Б.Ж. тағайындалды.
Қазылар алқасы қатысушыларды келесідей белгілер бойынша бағалады:
- мәтінді түсіну;
- эмоционалдық;
- өзін-өзі көрсете білу;
- орындау шеберлігі;
- әртістік шеберлік;
- көркем шығарманы түсіне білуі;
- тыңдармандарға әсер ете алу.
Өнер көрсету қорытындылары бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды:
1 орын – Андреева Анастасия, 9 «В» сынып оқушысы;
2 орын – Аденова Данель, 8 «В» сынып оқушысы, Ольков Денис , 9 «В» сынып оқушысы;
3 орын – Кискина Наталья, 7 «Г» сынып оқушысы, Дубасенко Алексей, Бекмаганбетова Аяулым, 7 «В» сынып оқушылары.