«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒАЖАЙЫПТАРЫ»
Жаратылыстану-математика апталығы аясында 2018 жылғы 16 ақпан күні «Математика және жаратылыстану ғажайыптары» атты ісшара өткізілді. Аталмыш викторина әртүрлі деңгейдегі 9 сайыстан тұрды: сұрақ-жауап, жаратылыстану сәті, математикалық би, физикадан тәжірибе жасалды, математика және физика мен математика тарихы туралы да сөз етілді. Викторинаға 5-ші сыныптардың параллелі қатысты. Бірінші орында – 5 «В», екінші орында – 5 «Д», үшінші орында - 5 «Г» сыныптары.Осы ісшараның басты мақсаты - математика, жаратылыстану пәндерінен білімді толықтыру, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Викторинаға қатысқан оқушыларға, көрермендерге, әділ қазылар алқасына да аталмыш шара ұнап, көп жылы лебіз айтылд