«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылғы 5 ақпаннан бастап 21 наурызға дейін БҒМ Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығымен ғылыми-танымдық сайтында «Үздік әлеуметтік бейнеролик» атты балаларға арналған республикалық интернет-байқауы өткізілді. Сайыс келесідей номинациялар бойынша өткізілді:
1. «Мейірімді адамдар әлемі»; 2. «Салауатты өмір салты – біздің таңдауымыз»; 3. «Жайлы қала»; 4. «Бәріміз - бірдейміз»; 5. «Дұрыс тұтыным».
Бейнероликтің «Дұрыс тұтыным» номинациясы бойынша өзекті де, маңызды тақырыбы таңдалды, себебі біздің мектебіміз екі жыл бойы «Клуба добряков Павлодара» жариялаған «Собери крышки и спаси жизни» қайырымдылық акциясының белсенді қатысушылры болып табылады. Аталмыш байқауға 9 «В» сынып оқушысы Сағымбек Ақеркенің «Когда крышки спасают…» тақырыбындағы бейнеролигі жіберілді. Оқушының шығармашылық жұмысын педагог және «Собери крышки и спаси жизни» қайырымдылық акциясының мектептегі жетекшісі Фания Чулпановна Меньщикова жіберді. Байқаудың қорытындылары бойынша №24 ЖОМ ММ оқушысы Сағымбек Ақерке 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Меньщикова Ф.Ч. оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамытуда қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. «Мейірімді адамдар әлемі» номинациясында «Твори добро» тақырыбында бейнеролик түсірілді. Авторы 8 «В» сынып оқушысы Амина Гиреева жеңімпаз атанып, 1 дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі әлеуметтік педагог Зауреш Мулюковна тунгушева алғыс хатпен марапатталды.