Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың,- демекші 6.04.2018 жылы №24 жалпы орта білім беру мектебінің ардагер- ұстазы Мария Васильевна Казионова 90 жасқа толды. М.В. Казионова мектепте жалпы 36 жыл қызмет істесе, соның 20 жылын жоғары аталған мектепте бастауыш сынып мұғалімі ретінде өтеп, 9 бастауыш сынып түлектерін ұшырған. Бүгінгі күні ұл мен қыздың ардақты анасы, төрт немере мен төрт шөберенің аяулы әжесі.
Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Ұстаздарымызға арнап басымызды исек те артық кетпегеніміз болар. Сондықтан осы мерейтойымен құттықтап, қуанышың бөлісуге мектеп оқушылары, ұстаздары, ардагер- ұстаздарды бастаған В.В.Слывоцкая, кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Ж. Адильшенова барды.
Ардагер ұстаздар қауымы Мария Васильевнаны 90 жасына орай арнайы медальмен марапаттап, «Главная героиня торжества» лентасын табыс етті.Жылы лебіздерін білдіріп, шын көңілден игі тілектерін тіледі.Әндер шырқалып, туған күн иесіне арналып шығарылған өлеңдер оқылды.Қалалық кәсіподақ, мектеп кәсіподақ ұйымы , мектеп директоры мен ұстаздары атынан сыйлық сыйланды.
Мария Васильевна әріптестерімен қайта кездесіп, ұстаздық еткен уақытын, қызықты шақтарын еске алып бір жасап қалды. Келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты және барлығымызды мерекелік дастарқанға шақырды.