Таяуда №24 ЖОМ аясында «Тілдердің үштұғырлығы- табыс кілті» тақырыбында үш кезеңнен құрылған сайыс өтті.Жарыс оқушылардың тілге деген ынтызарлығын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілді. Бүгінгі таңда әлемдік жаһандану барысында тұлғаның тілдік біліміне қатысты талап күшейтілген. Мектеп қабырғасында тілдік шеңбер аясын кеңейтуге барлық жағдай жасалып отыр. Осы орайда оқушылардың тілдік білім деңгейін анықтау мақсатында үш кезеңнен құралған сайысқа он команда іріктеліп алынды. Олар : 4 «Г», 4 «Е»,4 «Ж», 4 «Д», 5 «В», 5 «Г», 6 «В»,6 «Г», 7 «Г»,8 «В» сынып оқушылары.
Бірінші кезеңде лексикалық – грамматиқалық тест тапсырған оқушылардың қатарлары қорытынды бойынша сирей бастады. Екінші кезеңге жеті команда өтіп, келесі тапсырманы шешуге бел буды, бірақ бұл кезендегі тапсырмалардың күрделілігі оларға қиындық тудырғандай болды. Дегенмен, «мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар» демекші, келесі кезеңге төрт команда суырылып алға шықты. Қорытынды кезеңде олар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, үш тілде еркін сөйлеп,сахналық қойылымдар көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 4 «Ж», 4 «Д», 6 «Г», 8 «В» сыныптары «женімпаз» деп танылып, әр түрлі номинациялар бойынша мадақтамалар мен сыйлықтарға ие болды. Қатысқан 10 командаға сертификаттар табысталды.
Сайыс өте қызықты өтті және осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болды.
«Тілдердің үштұғырлығы- табыс кілті»