Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұстазға тағзым
21-05-2018 22:49
Ұстазға тағзым

Нағыз ұстаз болу- бақыт әрі абырой. Ұстаз-ұлағатты есім. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі - ұстаз. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Ұстаз бейнесі шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Қазақ халқының ұлы педагогы Ы. Алтынсарин: «Ұзтазды алтын діңгекке теңер едім», -деген екен.

Міне, осындай ұлағатты ұстаздардың бірі-Павлодар қаласының № 24 мектебінің алтын діңгегі, бастауыш сынып мұғалімі Мұсабаева Зауреш Камалиденқызы деп білеміз. Шәкірттеріне білім нәрін сусындатып, балалардың бойына адамгершілік, рухани, шығармашылық қасиеттерді дарыта білген Зауреш Камалиденқызы тозбайтын ақыл иесі, аса мейрімді, шыншыл, сөзіне берік, еңбекқор ұстаздардың бірі. Осындай талмас еңбегінің арқасында терең білімді, дарынды, жан-жақты шәкірттерді тәрбиелеп отыр.

Зауреш Камалиденқызы осыдан төрт жыл бұрын біздің балаларымызды мектеп табалдырығында қарсы алған еді, ал бүгін шәкірттері бастауыш сыныпты аяқтап, орта буынға аяқ басып отыр. Осыған орай, 19 мамыр күні «Аттандық бала шақтан-болашаққа!» атты бастауыш сыныппен қоштасуға арналған мерекелік шара өтті. Балаларымыз білім негізін қалаған бастауыш сыныпта төрт жыл бойы алған білімдерін, өнерлерін, жетістіктерін көрсетті. Балалар ұстаздарына деген алғыстарын балалық пәк жүректерінен шыққан қимас сөздерімен, шынайы, мөлдір көз жастарымен білдірді.

Зауреш Камалиденқызына деген алғысымыз шексіз, ата-аналар және балалар атынан аяулы ұстазымызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз!

Ізгі ниетпен 4 «А» сынып ата- аналар ұжымы