Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бір ел-бір кітап» республикалық акция
21-09-2018 22:12
«Бір ел-бір кітап» республикалық акция

«Бір ел-бір кітап» республикалық акция шеңберінде Б.Момышұлының «Ұшқаш ұя» повесіне арналған 9 «Г» сыныбында оқырман сағаты өтті.
Акцияның мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау.
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» – оның жазушылық шеберлігін халқымызға мойындатқан алғашқы шығармасы.
Оқушылар презентация, кинофильм арқылы жазушының өмірбаянымен танысты. Оқыған эпизодтарды талқылап, өз ойларымен бөлісті.
Б. Момышұлының шығармаларының құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады. Себебі оқушыларды, жаңа ұрпақты сергек және өз ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын, оның қандайын болса да, жеңе білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.
Іс-шараны өткізген мұғалімдер : Қазыбаева Ү.Ж.
Смағұлова К.С.