Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
« Мың бала» атты Республикалық сайысының мектепшілік іріктеу туры
03-10-2018 15:07
« Мың бала» атты Республикалық сайысының мектепшілік іріктеу туры

Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдеріне арналған « Мың бала» атты Республикалық сайысының мектепшілік іріктеу туры 2018 жылдың 2 қазан күні № 24 ЖО мектебінде өтті. Конкурс мақсаты: әр этностық топтың балаларын мемлекеттік тілге негіздеу. «НұрАна» қоғамының мүшелері Нұрғалиева Нұршат Абдығайымқызы және Аханбаева Бақыт Көкейқызы әділқазылар алқасы болып, « Мың бала» атты Республикалық сайысын тамашалады. Сайысқа көп оқушы қатысты. Визит картасында оқушылар өздерін өлең жолдары, презентация арқылы таныстырды. Шығармашылық кезеңінде атақты ақын-жазушылардың өлең жолдарын жатқа айтып, сонымен қатар өздері шығарған өлеңдерін айтты. Викториналық сұрақтар әдебиет, тарих, атаулы мерекелер туралы болды. Қазылар алқасының шешімімен мықтылардың мықтысы болып, үздік нәтижегетжеткен 10«В» сынып оқушысы Ольков Денис қол жеткізді. Мұғалімі –Муталипава Ж.А. 2-орынды 5 «Д» сынып оқушысы Низевич Артем.мұғалімі-Керейбаева, 3-орынды Дворникова Полина жеңіп алды. Мұғалімі-Жулдасова А.К. Өткізген мұғалім Аятова Г.Қ. Қалалық кезеңде оқушыларға сәттілік!