Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
05-10-2018 11:47
1 қазан – Халықаралық қарттар күні

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Аталмыш мереке барлық қарт адамдарға олардың даналығы, ақылдылығы, шексіз мейірімділігі үшін алғыс айтуға мол мүмкіндік беретін күн болып табылады. Біздің мектепте осы күнді мерекелеуге бірқатар іс-шаралар жоспары жасалды. Біз қарттарға жүйелі түрде көмек

Қарттар күніне орай мектепте «Мейірімділік поштасы» жұмыс істеді. Мектеп оқушылары құттықтау ашықхаттарын дайындады. Барлығы мүмкіндігінше аталмыш шараға қатысты.

Барлық сыныптардың оқушылары өздерінің ата-әжелерін, педагогикалық еңбек ардагерлерін шын жүректен құттықтады.

Қарттарға ең керегі – бұл қарым-қатынас. Балалар үлкен қызығушылықпен аталмыш шараға қатысып, мектептегі өздерінің өмірі туралы әңгімеледі.

Онкүндік аясында сынып жетекшілері келесідей тақырыптарда сынып сағаиттарын өткізді: "Жаны жас қарт адамдар", "Кәрілікті құрметте", "Мейірімділік бізді қоршайды", "Мейірімділік және шапағат". Педагогтар осы күннің маңыздылығын, жалғыз адамдарға ылтипат көрсету қажеттігін, шапағат сыйлау туралы әңгімеледі. Балалар өздерінің ата-әжелерін еске алды, олардың өмірі туралы айтты, өлеңдер оқыды. Мерекеден кейін ата-әжелер мерекелік үстелге шақырылды.