Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
“ТӨРТІНШІ ӨНДІРІСТІК РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА АДАМИ КАПИТАЛ ” АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
12-10-2018 18:51
“ТӨРТІНШІ ӨНДІРІСТІК РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА АДАМИ КАПИТАЛ ” АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2018 жылғы 9 қазан күні №24 ЖОМ ММ базасында «Төртінші өндірістік революциясы жағдайында адами капитал» атты ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды.

Конференцияның мақсаты – басты құндылығы бала тұлғасы, оның дамуы, білімі болып табылатын бірыңғай тәрбие үрдісін қалыптастыру.

Ата-аналар конференциясының міндеті:мектеп пен отбасы дәстүрін дамыта отырып, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Күн тәртібі бойынша мектеп директоры Н.Ш. Рахимгожина ҚР Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан үзінділер келтірді. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халықтың санасын жетілдіру бойынша 6 бағыттан тұрады

-бәсекеге қабілеттілік;

-прагматизм;

-ұлттық бірегейлікті сақтау;

-білім;

-Қазақстанның эволюциялық дамуы, революциялық емес;

-сана ашықтығы.

Белгіленген бағыттар алға қойылған мақсатқа жетудің жетістіктерін анықтайды.

Сонымен қатар мектебіміздің табысты мұғалімдері сөз сөйледі:

1. Шлейнина Ольга Викторовна

2. Базаводова Марина Валерьевна

3. Смагулова Сандугаш Габбаскызы

4. Виндерголер Наталья Валерьевна

5. Ахметжанова Зибагуль Жанбырбаевна

6. Меньщикова Фания Чулпановна

7. Соловьева Марина Петровна

Жас мамандар да сөз сөйледі.