Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ САНА-СЕЗІМІН ЖАҢҒЫРТУ» ТАҚЫРЫБЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
02-11-2018 20:31
«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»  БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ САНА-СЕЗІМІН ЖАҢҒЫРТУ» ТАҚЫРЫБЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

бағдарламалық мақаласы аясында педагогикалық үрдісіне қатысушыларының сана-сезімін жаңғырту

«Рухани жаңғыру» - жаһанданудың барлық заманауи қауіп-қатер мен сын-тегеурінді есепке ала отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жандандыруға бағытталған Елбасының бағдарламалық мақаласы.

Мақала қоғамның сана-сезімін жаңғыртуға, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді дамытуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, білімнің салтанат құруына және азаматтардың сананың ашықтығына бағытталған. Бұл қасиеттер қазіргі қазақстандықтардың басты бағытына айналуы тиіс.

Жаңа жаңғыру, алдымен, тарихи тәжірибе мен салт-санаға биіктен қарамауы тиіс. Керісінше, ол жаңғыртудың басты алғы шартына айналуы қажет.

Қоғамның сана-сезімі тек жаңғыртудың қағидаттарынан ғана емес, сондай-ақ уақыт талабына сай келетін нақты жобалардан құрылуы қажет.

Уақыт бір орында тұрмайды, демек, жаңғырту да, тарих сияқты, - әрі қарай дамитын үрдіс.

Павлодар қ. білім беру бөлімімен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қабылданған «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын іске асыру аясында жобалар дайындалды. «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының мақсаты: біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру салты болып табылады.

Жаһандық жобаның бірі ретінде педагогикалық кеңес болып табылады. Педагогикалық кеңестің мақсаты - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында педагогикалық ұжымның ақпараттық кеңістігін кеңейту, сондай-ақ оқу-тәрбие үрдісі арқылы іске асырылатын жобалар дайындау. Қазіргі уақытта аталмыш педагогикалық кеңесті өткізуге дайындық өтуде. Қала мектептерінің педагогтары келесідей стратегиялық құжаттарды қарастыруда: ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Туған жер» бағдарламасын іске асырудағы тұжырымдамалық амалдар», «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының мазмұны. Бағдарламалық мақаланы іске асыру аясында интеллектуалды марафондар, эссе, бейнероликтер байқаулары, шығармашылық көрмелер, әлеуметтік сауалнамалар, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары өткізілді.

2018 жылдың 2 қарашасында №24 ЖОМ ММ-де «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында педагогикалық үрдісіне қатысушыларының сана-сезімін жаңғырту» тақырыбында педагогикалық кеңесі өтті.

Педагогикалық кеңестің нәтижесі:

- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру қызметіне педагогикалық үрдісінің барлық қатысушыларын қатыстыру;

- аталмыш бағдарламаны іске асыру аясында 2018-2019 оқу жылында жүзеге асатын жаңа жобаларды, идеялар мен ұсынымдарды дайындау;

- мектеп педагогтарын облыстық, республикалық байқауларға және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жобаларға қатысуын ынталандыру.