«БӘРІ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ» ОТБАСЫЛЫҚ ЖОБА
22 қарашада №24 ЖОМ ММ-де бірінші сынып оқушылары арасында «Бәрі отбасынан басталады» атты отбасылық жобасы өтті. Балалармен бірге ата-аналар да қатысты. Аталған жобаның мақсаты – отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және қазіргі қоғамда отбасының рөлін арттыру. Балалар мен ата-аналар бірлесе жұмыс істеп, отбасыға қатысты әртүрлі тапсырмалар орындай отырып, шаңырақ (киіз үй) құрды. Оқушылар мен ата-аналар аталмыш іс-шараға белсенді қатысты.