2019 жылғы 8 қаңтар күні №37 ЖОМ ММ-де Павлодар облысының Инновациялық орталығымен пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық семинар өткізілді. Аталған семинарға №24 ЖОМ ММ физика мұғалімдері Бугрова Е.А. және «жаңартылған білім мазмұны бойынша» және «бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау бойынша» тренері Виндерголер Н.В. қатысты. Семинар барысында екі маңызды мәселе қаралды:
1. Функционалды сауаттылық және ОЖСБ мәтіндік тапсырмалар.
2. «БЖБ және ТЖБ: сапалы құрудың сатылары мен алгоритмдері».
Осы іс-шараға Павлодар облысының барлық удандарының физика мұғалімдері қатысты. Тренинг кезінде келесі бағыттарға ерекше көңіл бөлінді – тапсырмаларды, тест сұрақтарын
және оларға дистракторлар дайындау. Осы тренингтік тәсіл іс-шараға қатысқан мұғалімдердің оң пікіріне ие болды. Аталған семинарда болған әр мұғалім өзінің сұрағына жауап таба білді деп ойлаймыз.