Шығармашылық көрме
«Рухани жаңғыру» идеясы негізінде «Ұлы даланың жеті қыры» аясында өткізіліп жатқан ұлттық құндылықтарды дәріптеуге «Қазақтың қолөнері- біз кесте өнерін жаңғырту» мақсатында 5.03.2019 жылы «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамы шығармашылық көрме ұйымдастырды. Біздің мектептен осы көрмеге технология пәнінің мұғалімі Қабимолла Сауле қатысты. Ол кісі балалық шағынан қолөнерге жақын тұрып, іс тігумен айналысқан. Кабимолла Сауле біздің мектепте жиырма жылдан аса еңбек етіп келеді. Ежелден келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрін балаларға жеткізуде. Менің мақсатым:- қазақтың кол өнерін дәріптеу, оқушылардың қол шеберлігін дамыту,- дейді Сауле мұғалім.
Осындай көрмені ұйымдастырушыларға көп рахмет!