Наурыз мерекесі қарсаңында
Наурыз мерекесі қарсаңында 2 "а" сыныбында "Армысың, әз наурыз" атты ашық сынып сағаты өтті. Оқушылардың әжелері кішкентай бөбекті бесікке бөлеп, "Бесікке салу" дәстүрін көрсетті. Көне салт-дәстүрлерге байланысты оқушылар мен ата-аналар арасында сұрақ- жауап ойыны өткізіліп, ақ дастархан жайылды. Келген ата-әжелеріміз наурызға бата беріп, ақ тілектерін білдірді. #Familydaу