«Педагогикалық шеберлік-2019» облыстық байқауы
29 наурыз күні «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткен «Педагогикалық шеберлік-2019» облыстық байқауына Ү.Ж.Қазыбаева мен К.С. Смағұлова қазақ тілін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарламасын, Ж.А. Муталипова мен А.Б.Зарыкканова «Құзыреттілікке арналған деңгейлік тапсырмалар» жинағын ұсынды. Жоғарыда аталған мұғалімдер сертификатқа ие болды.