ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ИНАУГУРАЦИЯСЫ
2019 жылғы 30 қыркүйекте мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруы президентінің инаугурациясы өтті. Президент Ахметжанов Тимур ресми және салтанатты түрде оқушылар мен мұғалімдер алдында мектеп Президентінің антын берді. Ұлықтау рәсімінде мектеп директоры Рахимгожина Нургуль Шампатовна Премьер-министр ретінде 8 «Б» сынып оқушысы Қанат Серікті ұсынды. Ол сайлаудың қорытындылары бойынша 146 дауыс иеленіп, екінші орында тұрды. Тммурды де құттықтап, «Мектеп Президентінің» куәлігін табыстады.