Осындай атаумен Өскемен қ. С.Аманжолов ат.ШҚМУ базасында «Рухани жаңғыру» Қазақстан қоғамдық дамытудың институты» ҒАҚ ұйымдастырумен өңіраралық диалог алаңы өтті. Талқылаудың басты тақырыбы – еліміздің дамуына үлесін қосқан әртүрлі этнос тұлғаларына арналған жобаны іске асыру.
Бәрімізге мәлім - қазақтардың асыл жері жүзден астам этностардың отанына айналды, олар әлі де сүйікті Қазақстанына жаны мен тәнімен адал.
Іс-шараны «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ ҒАҚ төрағасының орынбасары саясат ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова ашты.Іс-шара барысында сарапшы ғалымдар жобаны іске асыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар берді, пікірлермен бөлісті және бір-біріне шығармашылық пен ғылыми ізденістер үшін жаңа идеялар ұсынды. Диалог алаңының жұмысына №24 жалпы орта білім беру мектебінің тарих мұғалімі Рамиль Смаилов қатысты. Ол жобаның маңызын, оны дамытудағы этно-мәдени бірлестіктердің рөлін атап көрсетті.
Институт диалогтар мен ұсыныстар үшін ашылды, Павлодар қаласының №24 мектеп ұжымы мен оқушылары алдағы уақытта тығыз жұмыс істеуге дайын.