27.01.2011 жылы №24 ЖОМ қазақ мектептері математика ұстаздарының қалалық семинары өткізілді. Тақырыбы «Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру жұмыстарының ең ұтымды тәсілдері». Қалалық оқу басқармасының әдіскері Алимова С. Ж. «Бүгінгі күні математика пән мұғалімінің мақсаты үнемі бір-бірімен байланыста болып, ҰБТ-дің жоғары көрсеткішіне қол жеткізудің жолдары» туралы сөз етілді. №24 мектептің оқу ісінің меңгерушісі Казимова А. Ш. ҰБТ ұйымдастыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны туралы өздерінің оқушыларды дайындау тәсілдерімен бөлісіп, мұғалімдерге қажетті ақпараттар ұсынды. Пән ұстаздары Ахшалова Г. Н. мен Наскенова А. С. ҰБТ дайындау тәсілдерімен пікір алмасты. Ахшалова Г. Н. «Тригонометриялық теңсіздіктер», «Квадраттық теңсіздіктер», «Өрнекті ықшамдау»-ды шығару жолындағы ең тиімді тәсілдерді ұсынды. Наскенова А. С. «Дайындықты 5 сыныптан бастауымыз керек, осы мақсатта әрбір тараудан кейін сынақ жұмыстары алынып қана қоймай, коррекциялық жұмысты қолға алу қажет. Бекітілген оқушылармен оңайдан қиынға көшу рәсімін көрсету керек екені ескерілді. Әр нұсқа бойынша әр сұрақ негізінде жұмыс жүргізілсе жұмыс нәтижелі болады деген ұсыныс берілді».
Қала ұстаздары өз ой-пікірлерімен алмасып, бұл семинардың пайдалы, әрі нәтижелі өткеніне ризашылықтарын білдірді.
Казимова А. Ш.