Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жүзден жүйрік» атты математикалық жарысы
30-01-2011 18:00

№24 жалпы орта мектебінінде математика айлығында 28.01.2011 жылы Мухтарова Г. С. 6 «А» сынып оқушыларымен «Жүзден жүйрік» атты математикалық жарыс өткізді.

Сол математикалық ойынның мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру; оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Мухтарова Г. С. математикалық жарыста әр түрлі плакаттар, ойын тапсырмалары мен нақыл сөздерді қолданды.

Оқушылар «Бірлік», «Тұлпар», «Достық» атты үш командаға бөлінді. Әр топтың ұраны, эмблемалары болды. Сайыс 6 турдан тұрды:

-таныстыру;

-бәйге;

-кім тапқыр?;

-жауабын тап (есептер шығару);

-шығармашылық;

-үй тапсырмасы - «Халық даналығынан»;

«Халық даналығынан» деп аталатын сайыста 3 топтың әрбір мүшесі қазақ халқының қасиетті сандарына байланысты айтылған нақыл сөздер мен ұлағатты ұғымдарды айтып берді. Бұл оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрлері мен мәдениетін тәрбиелейді.

Сабақ соңында қорытынды балдары бойынша нәтижесі шығарылып, әрбір топ мақтау қағазымен марапатталды. Сондай-ақ сабақта өте белсенді қатысып және өз білімін көрсете білген сынып оқушысы Смагулова Әйгерім жеке мадақтау қағазымен марапатталды. Ұстаздың шеберлігі өте жоғары деңгейде екені байқалып, көп ізденіп, дайындығы мол екені байқалып тұрды. Оқушылар сабаққа белсенді және қызығушылықпен қатысып, әрбір оқушы сабақта өзін көрсете білді. Сабақ өте тартымды да қызықты өтті.

Жумашева А. К. №24 ЖОМ-нің логопеді

Адуова Д. С. №24 ЖОМ-нің психологы