Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Аллегро» вокалдық студиясының «10 лет вместе» атты шығармашылық кеші
24-01-2020 09:37
«Аллегро» вокалдық студиясының «10 лет вместе» атты шығармашылық кеші

23 қаңтарда біздің мектебімізде «Аллегро» вокалдық студиясының «10 лет вместе» атты шығармашылық кеші өтті.

Аталмыш іс-шараның мақсаты: шығармашылық және музыкалық жобаларды насихаттау, шығармашылық дәстүрлерді құру, әлеуметтік қауымдастықты белсенді өмірлік ұстанымға ынталандыру және ынтымақтастық атмосферасын құру.

Жобаның авторы және сценарист - мектеп директоры Рахимгожина Нургуль Шампатовна.

Концерттің құрметті қонақтары:

Максилова Бахыт Шахановна – Павлодар облысы ҚХА аналар одағының төрайымы, Шиндлярская Галина Александровна – Павлодар қ. ардагер педагогикалық қызметкерлер одағының төрайымы, Шугабаева Гульмира Ерсаиновна – ҚР құрметті қызметкері, сервис және тамақтану колледжінің директоры, Ким Раиса Самсоновна – ҚХА корей этно-мәдени қауымдастыңы төрағасының орынбасары, Мадина Батык – Мисс Қазақстан 2019, ол «Әлем аруы 2019» қатысты; Сулейменова Рымкеш Женисовна – Павлодар қ. жас педагогтар одағының төрайымы, Сарсембина Лаура – 2019 жылдың еріктісі, «Ертіс Дарыны» сыйлығының лауреаты, ПМУ студенті, Бикетова Леся Аркадьевна – психологиялық денсаулықтың ғылыми-тәжірибелік орталығы филиалының басшысы, Шаймарданова Анария Кабдылкаримовна – С. Торайғыров ат. ПМУ «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы,

Слывоцкая Валентина Васильевна – №24 ЖОМ ММ ардагерлер кеңесінің төрайымы,

Смагулова Майкен Калымовна – №12 ЖОМ ММ директоры,

Марина Раисовна Каримова – Павлодар облысының альпинизм және құзға шығу федерациясының Президенті, Павлодар облысының Туризм федерациясының вице-президенті, бард.

Сондай-ақ концерттің қонақтары ретінде педагогикалық еңбек ардагерлері, колледждер мұғалімдері, ата-аналар, оқушылар, белсенділер және шығармашылық ұжымдар шақырылды.

Концертті ҚХА жас қанатының төрағасы, тарих мұғалімі, қоғам қайраткері Смаилов Рамиль Русланович, ағылшын тілі мұғалімі, Павлодардың Мисс туризмі- 2019, Райса Сән үйінің моделі Жумабекова Диана Бауыржановна.

«Аллегро» вокалдық студиясы қалалық, облыстық, республикалық патриоттық, бард, әскери өлеңдер байқаулардың жеңімпаздары. Біздің қыздар орыс, қазақ, неміс, ағылшын, итальян, француз, испан тілдерінде ән айтады. Қыздардың репертуары әртүрлі: поп музыка, эстрадалық вокал, халық әндері және т.б. «Аллегро» вокалдық студиясының музыкалық жетекшісі музыка мұғалімі Соловьева Марина Петровна.

Концертте «Феличита» тобы, бал билерінен халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері Айтуган Тасмуратов, бал билерінен халықаралық турнирлердің жеңімпазы Омаржанов Алмаз, «Альфа» тобы, Тычинская Алина және оның «Фиеста» би ұжымы.

Қыздарымызды құттықтап, шын жүректен шығармашылық табыс тілейміз! Биік шыңдардан көрінуге тілектеспіз!!!