Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналады
№24 мектепте ақпанның 8-күні "Тілдердің үштұғырлылығы - табыс кілті" сатысының бірінші кезеңі өтті. Бұл дəстүрлі сайыс, биыл 3- рет өткізілуде. Сайыстың биылғы тақырыбы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналады. 3 кезеңнен тұратын сайыстың 1-кезеңінде 5-8 сыныптарының 130 оқушысы 3 тілде (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) 60 сұрақтан тұратын тест орындады.