Бүгін 4 наурыз 2020 жылы №24 ЖОББМ 5-7 сыныптар аралығында «Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жыл» атты интеллектуалдық іс-шара өтті.
Мақсаты: Әбу Насыр әл – Фараби өмірімен таныстыру және ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу. - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеген ол, 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген, міне бүгін 1150 жыл толып отыр.Соның қарсаңында 5 -7 сынптар аралығында оқушылардың ойлауды дамытатын, өзіндік жұмысқа итермелейтін, кейін өз бетінше іске асыру мен өз бетінше оқуға жол салатын идеялар мен тапсырмалар берілді. Сол мақсатта бірте-бірте олардың көп рухани, зияткерлік және физикалық күш жұмсап, жетістікке жетулері қажет болды. Оқушылар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтады.Оқушылардың ойлау шапшаңдығы, икемдігі, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана алуымен ерекшеленеді.
«Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жыл» атты интеллектуалдық іс-шара