«Көктемгі жақсылық апталығы» акциясы көлемінде біздің мектеп мынадай келісідей шараларға қатысты: «Құстар айтысы» - қанттыларды қорғау және оларға қамқорлық бойынша конкурстық – ойын бағдарламасы (бастауыш мектеп); құстарға жем салатын орындар дайындау (бастауыш мектептің ата-аналар комитеті, С.Г.Григорьев, тимуршылар); «Кітапты сыйға тарт» акциясы – аз қамтылған отбасы балалары үшін (кітапхана меңгерушісі Л.А.Куценко, орта буын); бідің шағын аудан ардагерлеріне азық-түлік себетін дайындауға қағаздар жинау; сонымен қатар шет елде қымбат ем алу үшін Мария Мухинаға арналған «Жақсылық – ол өмір» атты қайырымдылық концерті.
Сонымен қатар 28 сәуірде біздің мектепте «Волонтеры – патриота Казахстана» атты облыстық семинардың өткендігін атап өту керек, онда Бейбітшілік корпусының волонтерлері өздерінің өте маңызды және қажетті іс-әрекеттері туралы әңгімелеп берді. Семинарларға қатысушылардың барлығына да сертификат берілді.
