Балалар активінің мектебі
29 сәуір біз Облыстық оқушылар сарайымен бірге балалардың басқа ұйымдарының қызметімен танысу үшін, Павлодар қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан Ертіс ауданына бардық. Бізге Ертіс ауданының барлық ауыл мектептерінің балаларымен, вожатыйларымен кездесу ұйымдастырылды.
Барлығы да жоғары деңгейде өтті ! біз өз кезігімізде «Пою тебе мой Казахстан!», «Компас памяти», «Я- лидер», «Организаторы досуговой деятельности» және т.б. мастер-класстар өткіздік. Біз Оқушы үйіне, Даңқ мұражайына, қарттар үйі, естелік саябағына бардық
Осындай шараны ұйымдастырғандарға алғысымызды білдіреміз және осындай жақсы және естелік кездесулерінің болуын тілейміз !
Аға вожатый С.С.Рахымова
