Мектептер: болашақ серіктестер жобасының жаңа жетекшісімен кездесу
Бүгін біздің мектепте "Мектептер: болашақ серіктестер" жобасының жаңа жетекшісі Таня Фихтнермен кездесу болды. Оның келген мақсаты мектеппен танысу. Кездесу шеңберінде Таня Фихтнер мектептің экологиялық мұражайына, шағын-орталыққа, мультимедиялық кабинеттерге барлы. Акт залда Германияға барып келген неміс тілінің мұғалімі Қ.Қ.Демеуова және информатика мұғалімі З.И.Әлімова өздерінің есептерін берді, алған әсерлерін айтты. Германия жастар курсына жазда барып келген балаларда өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Соңында Таня Фихтнер оқушыларға ҒІТ-1, ҒІТ-2 сертификаттарын табыс етті. Біздің оқушыларды құттықтаймыз! Неміс тілін үйренуде табыс тілейміз!
ДТЖжО Арынова Д.Х.
