Ақпараттық технологияларды мектеп ортасына ықпалдастыру және сандық білім беру ресурстарын қолдану компьютерлерді оқу заты емес, оқу құралы етеді. Осындай жанасу электрондық оқыту моделін толығымен ықпалдастырады, онда мектеп желісі және ақпараттық технологиялады басқару оқу үрдісіне қатысушыларға барлық жерде және кез-келген уақытта өзара қарым-қатынас жасауларына жағдай жасайды.
Аязды күндері мектеп мұғалімдері уақыттарын бос жіберіп отырған жоқ.
Осындай жағдайда біздің мектепте оқыту компьютерді қолдану арқылы жүзеге асырылып отыр. Пән мұғалімдері өздерінің тақырыптық-күнтізбелік жоспарларын сандық түрде жазады. Мектеп әкімшілігі және мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттесу электрондық оқыту ортасында өтіп отыр. Оқытуды басқару жүйесі (LMS) және оқушыларды басқару жүйесі (CMS), әкімшіліктік қызметті орындау және т.б. қолданылады. Ақпараттық технологияларды қолдану мектеп оқушыларын оқыту үрдісіне қатты әсер етуі мүмкін.
