"Лесной спецназ или кто спасет зеленый лес" экологиялық ертегі
БЖҰ белсенділері және "Родник" клубының мүшелері бастауыш сынып оқушыларына арнап экологиялық тақырыпта ертегіні дайындады және ұйымдастырды. Ертегі кейіпкерлері орман тұрғындары. Олар адам табиғатқа қол сұққанда, орманда алау жағып, аң аулағанда, қоқысты көрінген жерге тастағанда оларға қалай қиын болатындығын көрсетті. Біз өзіміздің туған өлкемізді, жерімізді қорғауымыз керек. Мұның өзі өз отанымыздың патриоттарын тәрбиелеудің бір әдісі.
