Кәсіподақ ұйымының жиналысы
Біздің мектепте Қазақстан Республикасы Президенті-ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халықына "Стратегия "Қазақстан-2050" мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Жолдауына арналған кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті.
Тарих пәнінің мұғалімдері М.Қ.Ыбыраева, А.Т.Бейсембаева, Ж.С.Сәлімов баяндамаларын оқыды. Олар мектеп ұжымын Президент Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды. Негізгі көңіл білім беру жүйесіне аударылды.
