12 наурыз мектептің спорт алаңында дене тәрбиесінің мұғалімдері Н.В.Воробьеваның және Т.В.Лобанованың ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында әскери-спорттық жарыс өтті.
Ең жылдам және ұйымшыл команда атағын алу үшін 2 сағаттан аса уақыт бойы күрес жүрді. Ол үшін ең күрделі 10-кедергіден өту керек болды. 7-8 параллельдің барлық сыныбы осы жарысқа өз командаларын шығара алмады. Бірақ көптеген сыныптар өздерінің күштерін сынады және командаларын шығарды, тіпті сынып атынан 2 команда шығарғандары да болды олар 8А (2 жүлделі орын 1 және 3-орын) және 7Г сыныбы олардың да бір командасы жүлдегер болды (2-орын) алды.
8А-сыныбы жеңіске жетті.
Жеңіске жету үшін, көбіне аз ғана қалып еді. Біз барлық қатысушыларға жеткен жетістіктерінде тоқтап қалмай, келесі жылы қысқы әскери-спорттық жарысқа жақсы қатысуларына тілектестігімізді білдіреміз!
