"Одна страна-одна книга" (Бір ел -бір кітап) акциясы
Қазақстанда ақпан айының соңында республикалық "Бір ел- бір кітап-2013" VII акциясы басталған. Акцияға оқырмандар қызығушылықпен қатысады, оқуға ұсынылған отандық әдебиеттің ең үздік шығармаларын оқуға деген қызығушылықтары қалыптасады. Ұйымдастыру комитетінің көптеген қатысушылары акция кітабы ретінде қазақтың ақыны Фариза Оңғарсынованың "Дауа" атты лирикалық өлеңдер жинағын атады.
Біздің №36 ЭБЖОБББМ осы акцияға қатысатын болады. Ақынның шығармашылығы бойынша әдеби көрме жасалынды, балалар үшін әңгімелер және әдеби шолу жасалынатын болады, Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін жатқа оқу бойынша конкурс өтетін болады.
