Алматы қаласының DAAD (Германияның алмасу қызметінің академиясы) дәріс оқушысымен кездесу
№36ЭБЖОБББМ 2013 жылғы 6-мамырда Алматы қаласының DAAD (Германияның алмасу қызметінің академиясы) дәріс оқушысы Яуман мырзамен кездесу болды. Оқушылар, ата-аналар Қазақстан Республикасының үміткерлері үшін Германияның ЖОО оқуға түсу шарты туралы өзекті ақпарат алды.
Павлодар қаласының тілдер орталығының жетекшісі Нелли Эйберс Қазақстанның PASCH мектептерінің оқушылары қатыса алатын, "Мост в немецкий университет-2013" бағдарламасы туралы айтып берді. Осы бағдарламадан үміткерлердің тілдік дайындығы (аз дегенде 2 А -деңгей), оқу үлгерімі жақсы болуы және әлеуметтік белсенді болулары қажет. Юлия Копыльцова және Егор Никитин өздерінің Мюнхен қаласына барған сапарлары туралы, Әсем Әлназарова және Сабина Қабыкенова Гете-институтының курстарында неміс тілін қалай оқитындықтары туралы айтып берді және сабақтарды өткізудің әдістемелік деңгейінің жоғары екендігін атап өтті. Яуманн мырза стипендианттардың неміс тілінде жақсы сөйлетіндіктеріне риза болды және оған сонымен қатар біздің мектеп кабинеттерінің компьютермен жабдықталуы ұнады.
