Педагогикалық кеңес
2-қыркүйек мектепте "Мектептің 2012-2013 оқу жылындағы жұмысының талдауы" тақырыбы бойынша педагогикалық кеңес өтті. Мектеп директоры мектептің жұмысына түрлі бағыттар бойынша талдау жасады және келесі оқу жылына қойылатын міндеттерді атап өтті. Баяндама басына алғы сөз ретінде Н.Ә.Назарбаевтың "Бала тәрбиесі - болашаққа салынатын орасан зор инвестициялар. Біз осы мәселеге осылайша қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек" алынды.
Пед.кеңестің екінші бөлімінде "Педагогикалық овация - 2013" өтті. Мектеп педагогтарына грамоталар және құнды сыйлықтар берілді.
Өз номинациялары бойынша жақсы болғандар Қорлан Қабдоллақызы Демеуова, Джавадова Мехрибан Баратовна, Рахметуллина Алма Жақанқызы.
Әріптестер құттықтаймыз!
